Балаларды қорғау күніне орай іс-шара

2017 жылғы 04 маусымда емханада "Балаларға әлем сыйлаймыз!" тақырыбында халықаралық балалар күні аясында "Мен сәбиімді күтемін" атты жүкті әйелдер арасында фотосурет байқауы өткізілді. Байқауға болашақ 5 ана қатысты. 

Балалар арасында "Менің бақытты балалық шағым", "Автокөлік, бала, жол" тақырыптарында асфальтке сурет салу байқауы өтті.  Барлығы - 25 бала қатысты. Балалар өлең оқып, ән айтты, қызықты ойындар мен сайыстар өтті. Барлық қатысқан балаларға сыйлықтар тапсырылды. Байқауда барлық қатысушылар белсенділік танытып, көңілді өткізеге ат салысты. Ана мен баланы қорғау туралы ақпараттық материалдар таратылды. Иммундық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена туралы балалар мен ата-аналарға арналған семинар өткізілді. Отбасын жоспарлау мектептерінде ата-аналар үшін жас ана, босануға дайындық, "Емізудің 10 қағидасы"  тақырыптарында оқыту семинары өткізілді. Семинарға 31 адам қатысты. 

Мүгедек балаларға, әлеуметтік қызметкерлерге сыйлықтар тапсырылды. Салауатты өмір салты бойынша ақпараттық материалдар таратылды.